Тоқаев Аргентина, Дания және Сербия елдерінің елшілерін тағайындады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2021 18:00 Ақорда
Мемлекет басшысының тиісті Жарлықтары Ақорда сайтында жарияланды.

Тоқаев Аргентина, Дания және Сербия елдерінің елшілерін тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: