Серік Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
Серік Жұманғарин жаңа агенттіктің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы
болып тағайындалсын", делінген Ақорда сайтында жарияланған Президент Жарлығында.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттікті құру туралы Жарлыққа 9 қыркүйекте қол қойды.
Жұманғарин Серік Мақашұлы 1969 жылы 22 шілдеде Ақтөбеде дүниеге келген.
Білімі:
1993 ж. – Мәскеу энергетикалық институтын "Жылуфизика" мамандығы бойынша бітірген.
1997 ж. – Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "қаржы және кредит" мамандығы бойынша бітірген.
2013 ж. – Халықаралық бизнес академиясын "менеджмент" мамандығы бойынша бітіріп, іскери әкімшілдендіру магистры атағын алған.
Еңбек жолы:
1993-1994 жж. – "Тынай" ШЖК-ның коммерциялық директоры.
1994-1995 жж. – "Медкорп" ШЖК-ның директоры.
1995-1998 жж. – "АСБ" ЖШК бас бухгалтері, директоры.
1998-2000 жж. – "Атырау МӨЗ" АҚ-ы өкілдігінің директоры.
2000-2003 жж. – "Компания Global" ЖШС-ның коммерциялық директоры.
2003-2004 жж. – "Корпорация "Батыс Ойл Газ" ЖШС-ның бас директоры.
2005-2006 жж. – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары.
2006 жылдың сәуір-желтоқсаны – Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі басқармасы басшысының орынбасары.
2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі басқармасының басшысы.
2008 жылдың наурыз-маусымы– Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі департаментінің директоры.
2008 жылдың маусымы – 2010 жылдың сәуірі – Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті төрағасының орынбасары.
2010 жылдың сәуір-шілдесі – "Қазақстан келісімшарт агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010 жылдың шілдесі– 2011 жылдың қарашасы – "NadLoc жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012 жылдың наурыз-шілдесі – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік саясат және бюджетаралық қатынас департаментінің директоры.
2012 жылдың шілдесі – 2013 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013 жылдың қаңтары – 2014 жылдың тамызы – Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрінің орынбасары, вице-министр.
2014 жылдың тамызы – 2017 жылдың қаңтары – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.
2017 жылдың 19 қаңтарынан 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылдың 21 мамырынан - Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі.