Марат Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Бәсекелестікті қорғау жіне дамыту агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2022 18:46 Сурет:
Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Марат Омаров 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Британ университетін, Лондон экономика және саясаттану мектебін бітірген.

Еңбек өтілі:

ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің (кейіннен – Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика) кеңесшісі (2012-2014);

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары (2014-2016);

«Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры (2016-2017);

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін - «QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) басқарма төрағасы (04.2017-05.2019);

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры – Басқарма мүшесі (05.2019-10.2020);

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (10.2020 жылдан бастап).

Айта кетейік, бұған дейін агенттікті Серік Жұманғарин басқарған. 15 тамызда оның премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: