Тоқаев Үкімет туралы қаулыға қол қойды

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2021 16:13 Inbusiness.kz
Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақстан президенті Үкімет туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Конституциялық заңға сәйкес, Үкімет қайта сайланған Мәжіліс алдында өз өкілеттігін тоқтатты. Соңғы рет ҚР Үкіметі 2019 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен отставкаға кеткен болатын. Ол бұл шешімін Үкімет жұмысына көліңіл толмауы себепті қабылдаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: