Тоқаев Төтенше жағдайлар жөніндегі министрді жаңадан тағайындады
"Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалсын", делінген Ақордада жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы зымыран әскері жоғары әскери қолбасшылық-инженерлік училищесін бітірді. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.
Әр уақытта ол азаматтық қорғаныс жүйесінде лауазымды басшылық қызметтер атқарды.
1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы;
2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылдың ақпанына дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
2014 жылғы қазаннан 2020 жылдың қарашасына дейін - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының бастығы.
2021 жылдың 3 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының бастығы болды.