Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазған мұғалімге қатысты министр түсінік берді

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 03:42 zakon.kz/ Павел Михеев
Аталған оқиға 18 қазан күні Көкшетау қаласындағы мектептердің бірінде болған.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Көкшетауда мұғалім мен оқушылар арасында орын алған ыңғайсыз жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған оқиға 18 қазан күні Көкшетау қаласындағы мектептердің бірінде болған. Сабақ кезінде 12 оқушының дәптерлерін үйінде ұмытып кеткені белгілі болды. Осындай жағдай қайталанбас үшін мұғалім оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған.

"Мұндай әрекеттер педагог деген атқа мүлде сай келмейді. Ақылға сыймайтын, барып тұрған сорақылық қой бұл деген. Бүгінде тиісті шаралар қабылданды. Әрине, ондай жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Бірақ әріптестеріміздің басым бөлігі ондай емес. Біздің арамызда ауылда болсын, қалада болсын, мықты-мықты педагогтер көп", - деді Аймағамбетов.

Оқиға орын алған №13 мектеп-гимназияның директоры Светлана Ахметжанова мұндай әрекетке барған мұғалімнің 27 жылдық кәсіби тәжірибесі бар екенін айтты. Мектеп әкімшілігі мұғалімге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін оны жұмыстан шығарып жіберген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: