Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда қазақ мектебін жабуға қатысты әкім түсінік берді

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2019 20:58 Баспасөз қызметі
Мектептердің дерегіне қатысты шатасу болғандықтан ақпарат бұрмаланып кеткен.

Қала билігі С.Мәуленов атындағы қазақ гимназияның жабылу ықтималдылығына қатысты ақпаратты түсіндіріп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетелік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені Twitter-дегі аккаунтында көтерген болатын.Облыстық білім басқармасының өкілдері мен Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов №24А бастауыш мектебінің жабылатындығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сөйтсе мектептердің дерегіне қатысты шатасу болғандықтан ақпарат бұрмаланып кеткен.

Қателік Қостанайда С.Мәуленов атындағы гимназия мен №24А бастауыш гимназия мектебін шатастырудан туған. Екеуі де қазақ тілінде білім береді.

- Екеуі де жабылайын деп жатқан жоқ. Әрине, екеуі екі бөлек білім ордасы. Бұл арада тек №24А бастауыш гимназия мектебін басқа ғимаратқа көшіру туралы мәселе ғана көтерілген. Осы ақпаратты ел дұрыс түсінбей қалған сияқты. Ата-аналар ғимарттың көшірілуіне наразы. Сондықтан бастауыш мектепті ешқайда көшірмейтін болдық, - дейді Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.

Оның айтуынша, өңірде 504 мектеп бар, оның 120-сы қазақ мектебі, ал 121-і - аралас мектеп.

- Бұл осы қаладағы қазақша жалғыз бастауыш мектеп. Сондықтан оның жабылуы туралы ақпарат ешқандай логикаға сай келмейді. Расында, оны басқа жаққа көшіреміз бе деген жоспарымыз болған. Өйткені ол алдында балабақша болған. Енді бастауыш мектепке айналды. Әрине, балалар сыймай жатыр онда. Өйткені ғимарт, негізі 200 балаға ықшамдалған, ал мұнда оқитын оқушы саны 600-ге жуықтайды, - дейді Қайрат Ахметов.

Қала әкімінің айтуынша, бастауыш мектепті Победа-Бородина көшелерінің қилысында орналасқан 960 орындық ғимаратқа көшіру жоспарға алынған екен. Алайда ата-аналармен кездесуден соң бұл мәселе қайта көтерілмейтін болып шешіліпті.

Баспасөз мәслихаты барысында әкімдік 960 орындық ғимартта енді қазақ мектебін ашпақ жоспары барын да мәлім етті. Одан бөлек Әуежай ықшамауданында да жаңа қазақ мектебі салынып жатыр екен. Юбилейный және Береке ықшамаудандарында да жаңа мектептердің құрылысы жүруде.

Бүгінгі таңда Қостанайда 4 мыңнан аса оқушыны қамтитын қазақтілді 6 мектеп бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: