Жаңалықтар тізбегі
0

Абаев қазақ тілінде өткен үкімет отырысына қатысты түсініктеме берді

ortcom.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2018 20:54 ortcom.kz
Кеше ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрін қабылдап, үкімет пен парламенттің жұмысы қазақ тілінде жүргізілуі керек екенін айтқан еді.

Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев жақында Мемлекет басшысымен өткен кездесуді, сондай-ақ Үкіметтің және Парламенттің мемлекеттік тілге көшу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

"Кешегі қабылдауда мемлекет басшысы парламент пен үкімет отырыстарын қазақ тілінде өткізуге көшу жөнінде айтты. Отырыстың таза қазақ тілінде өтуі шенеуніктің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Мемлекет басшысының идеясы бойынша тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішінде Үкімет пен Парламент мемлекеттік тілге көшуге міндетті. Бұл әр қазақстандықтың мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне байланысты", — деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде үкімет пен парламент қазақ тілінде жұмыс жүргізуге көшуге дайын.

"Президент әрқашан қазақ және орыс тілдеріне қатысты кемсітушілікке жол бермеу керектігін айтады. Бұл біртіндеп шешілетін мәселе, бұл жерде асығыстық жасап, қыспаққа алудың қажеті жоқ", - деп атап өтті министр.

Отырыс енді тек қазақ тілінде өтеді ма деген сұраққа, министр, егер шенеунік өз ойын мемлекеттік тілде толық жеткізе алмайтын болса, баяндаманы орыс тілінде де жасауға болатынын айтты.

"Бұл мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергеніне байланысты. Егер жекелеген азаматтар қазақ тілін жетік білмесе, өз ойын орыс тілінде жеткізгісі келсе, онда орыс тілінде сөйлегені дұрыс деп ойлаймын. Бірақ тағы қайталап айтамын, үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар мемлекеттік тілді жақсы біледі", - деп қорытындылады Дәурен Абаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: