Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады

Қазақстанда Nickelodeon  мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 17:59 Сурет: pixabay
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қазақ тілінде көрсетіле бастаған NICKELODEON HD жаңа арнасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, бұл шара балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.

Министрлік өте ауқымды жобаны іске асырып жатыр. Қазақ тіліндегі жаңа арнаның іске қосылуы балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді; сондай-ақ бұл жобаның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров

Сонымен қатар, «Nickelodeon» телеарнасының ТМД және Балтық елдеріндегі балалар мен ойын-сауық брендтерін дамыту жөніндегі вице-президенті-Мария Косарева «Nickelodeon» көрермендері арнаның қызықты бағдарламалық блоктарының арқасында эмоциялық интеллектті дамытатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде балалардың, соның ішінде түрлі этностардың мемлекеттік тілді жылдам меңгеруіне мүмкіндік береді.

Біз әріптестерімізге хабар таратуды іске қосуда қолдау білдіргендері үшін алғысымызды білдіреміз және абоненттерді ақпараттандыру аясында одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.Мария Косарева

Естеріңізге сала кетейік, арналарды таңдау кезінде әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері және балалар арасында таратылатын мультфильмдердің танымалдығы ескерілді.

Мәселен, «Nickelodeon» брендтері әлемнің 180-ге жуық елінде жинақталған, олардың кейіпкерлері 40-тан астам түрлі тілде сөйлейді.

Арнаның бағдарламалық блоктары анимациялық фильмдер мен телехикаялардан, ойын-сауық, спорттық және музыкалық бағдарламалардан тұрады.

Қазіргі уақытта «Nickelodeon HD» жаңа арнасы Алма ТВ және TV Commerce кабельдік операторлары арқылы эфирге шығады; қалған операторлармен өзара тығыз жұмыс істеліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: