TikTok енді қазақ тілінде қолжетімді

TikTok енді қазақша қолжетімді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 12:07 Сурет: pexels
TikTok өкілдері қосымша қазір қазақ тілінде де қолжетімді екенін мәлімдеді. Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS-қа арналған жаңарған қосымшада бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Интерфейсті оқшаулау TikTok-тың ірі қазақша сөйлейтін қауымдастығының платформаны пайдалануын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұған дейін де платформада қандай контент орналастыруға болатынын және неге тыйым салынатынын түсіндіретін TikTok қауымдастығының қазақ тіліндегі ережесі жарияланған еді", - делінген баспасөз хабарламасында.

TikTok қолданбасындағы интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Тіл баптауларын өзгерту үшін:

1. Төменгі оң жақ бұрыштағы "Профиль" түймесін басыңыз.

2. Баптауларды ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктені түртіңіз.

3. "Параметрлер және құпиялылық" түймесін басыңыз.

4. "Қолданба тілі" түймесін түртіңіз.

5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.



Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: