Бала емізетін әйелдерге де вакцина салынуы мүмкін

zakon.kz zakon.kz
Атқарушы билік қазір жүкті, бала емізетін әйелдер мен 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді Pfizer-мен вакциналауға дайындық үстінде.

ДСМ бала емізетін әйелдерге де вакцина салуды қарастыруы мүмкін Денсаулық сақтау министрлігі бала емізетін әйелдерге де вакцина салу жағын қарастыруы мүмкін. Жақында Ресей бала емізетін аналарға "Спутник V" екпесін егуге рұқсат етіпті. Бірақ ешқандай клиникалық зерттеу жүргізілмеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Эпидахуалды жақсартамын деп шауып жүрген Алексей Цой бүгін журналистер алдында ағынан жарылды. Тіпті ревакциналау кезінде ақылы болатын шетелдік препараттардың болжамды құнын айтты. Қазақстанға енді Hayat Vax жеткізілмейтін сыңайлы. Цойдың сөзінше, "Синофарм" екеуі ұқсас, - дейді КТК тілшісі.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Вакциналар қымбат болмайды. Бағасы 2 мыңнан 5 мың теңге аралығында сатылуы мүмкін. Біз коммерциялық сегментті қарауымыз керек.

Атқарушы билік қазір жүкті, бала емізетін әйелдер мен 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді Pfizer-мен вакциналауға дайындық үстінде. Бірақ америкалық препарат Қазақстанға қашан жеткізілетіні әлі белгісіз. Ал емізулі баласы бар аналарға біздің шенеуніктер "Спутникті" салдыруды міндеттеуі мүмкін. Ресейде еш зерттеусіз салынып жатқан вакцинаға қатысты еліміздің бас дәрігері ештеңе дей алмады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біз өндірушіден ресми ақпарат сұратып жатырмыз, кейін алынған мәлімет иммундау жөніндегі комиссияға табысталады. Содан кейін ғана белгілі бір шешім қабылданады. Сондықтан барлық деректі сұрастырамыз. Егер өндіруші нұсқаулықта оның осы санаттағы адамдар үшін қауіпсіз екенін көрсетсе, біз бұл мәселені елде де қарастырамыз.

Көрші елде бүгінде жағдай мәз емес. Күніне 35 мыңдай науқас коронавируспен ауруханаға түсіп жатыр. Мыңдаған адам көз жұмған. Сондықтан шекарадағы бақылау сол күйінше күшейтілген режімде жұмыс істей береді.

Ауғанстанда да ахуал қиын. Ресейден қалғысы жоқ тәліптер ахуалды реттеу үшін бізден қазақстандық препаратты сұрап әлек. Еліміз Ауғанстанға гуманитарлық көмек аясында QazVac-ты жіберуі мүмкін.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Ауғанстан тарапы гуманитарлық көмек аясында қазақстандық QazVac вакцинасын әкелуімізді сұраған. Апарып, не апармайтынымызды Үкімет шешеді.

Ел билігі отандық препараттың өзімізге жететінін алдымен бағамдап алатын сыңайлы. Содан кейін ғана шешім қабылдамақ. QazVac-ты шығаратын зауыт білім және ғылым министрлігінің қарамағына өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз