Еуропаның көміртегі салығына Қазақстанның қандай тауарлары ілігуі мүмкін?

primeminister.kz primeminister.kz
Ол 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең ұсыну қарастырылуда екенін атап өтті.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ОКҚ брифингінде қазақстандық қандай тауарларға көміртегі салығы салынуы мүмкін деген сұраққа түсініктеме берді. Еуропалық Одақ оны 2023 жылы енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдан бастап Еуропалық Одақ көміртегі салығын енгізуді жоспарлап отыр. Аталған салық өндірісі шығарындылардың жоғары деңгейімен өндірілетін импортталатын тауарларға енгізіледі, - деді ҰЭМ басшысы Әсет Ерғалиев.

Сонымен қатар, ол 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең ұсыну қарастырылуда екенін атап өтті.

Егер қандай тауарлар екенін айтатын болсақ, мұнай өнімдері, болат, алюминий, цемент, органикалық химия тауарлары. Көміртегі салығының құрылымы мен оның деңгейі бойынша ЕО-да талқылаулар жүргізілуде. Біз осы талқылаулардың барысын тұрақты бақылап отырамыз, талдау жүргіземіз, ЕАЭО бойынша әріптестерімізбен консультациялар жүргіземіз. Жалпы есептеулер жүргізіліп жатыр, биылғы жылдың соңына қарай нақтыланады, – деп түйіндеді министр.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз