Қарағандыда белгісіз ер адам такси жолаушысын атты

zakon.kz zakon.kz
Қазіргі уақытта оқ атушының жеке басы анықталуда.

Қарағандыда кездейсоқ куәгер такси жүргізушісіне араша түсіп, мас жолаушыға бірнеше рет оқ атып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиға 27 қазан күні кешкісін болған. Тәртіп сақшыларына шабуыл туралы қоңырау түсті. Такси жүргізушісінің айтуынша, клиент жолақысын төлеудің орнына пышақ кезенген. Таксистке біреу көмекке келіп, екеуі әлгі масты көліктен түсірмек болған, мас жолаушы енді екеуіне пышақпен жүгірді. Сол кезде көмекке келген адам травматикалық қарудан бірнеше оқ атқан, – деп нақтылады полиция.

Кейін 55 жастағы мас азамат ұсталды. Оған медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқ атушының жеке басы анықталуда, – деп толықтырды полиция.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз