Алматыда жеті мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды

жасырылған қару табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 17:59 Сурет: polisia.kz
Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырған орын иелерінің жеке басы анықталуда, олар одан әрі жауапкершілікке тартылады.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, жасырылған орын қаланың Алатау ауданындағы 13-ші ықшам ауданынан анықталды.

Ол тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды.

Жедел-тергеу тобы 12 калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, пышақтар, 200-ден астам патрон, сондай-ақ оптикалық көздеуіштерді тәркіледі. Бұл қарудың 6 қаңтарға қараған түні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шараларымен қаруды жасырған орын иелерінің жеке басы анықталуда, олар одан әрі жауапкершілікке тартылады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: