Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК бірқатар өңірлерде қару-жарақ пен оқ дәрілер тәркіледі

қару тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2022 жылғы ақпан-наурызда ҰҚК қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғандарды іздеу және оны заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қаруды қайта жасау цехы жойылды. Осы әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен екі азамат ұсталды. 4 «Калашников» автоматы, «СКС» иір ойықты карабині және 48 патрон тәркіленді.

қару жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысында қаңтар оқиғалары кезінде Алматы қ. қару дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Тергеу іс-қимылдары барысында жасырын орын табылып, одан 189 патрон алынды.

оқ дәрі, қару жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданында жасырын орын табылып, одан 2 тегіс ұңғылы мылтық, 1 пневматикалық мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және әртүрлі калибрдегі 27 патрон алынды. Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Алматы қ. «Қорған» қару дүкенінен ұрланған.

Алматы қ. бұрын ұсталған «Қазақстандықтар» ҰҚТ мүшелері 19 бірлік тегіс ұңғылы мылтықты ерікті түрде тапсырды.

Сонымен қатар Алматы өңірінің тұрғындарынан 9 бірлік қару, 274 патрон алынды.

оқ, қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

қару, оқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тараз қ. анықталған жасырын орыннан 1 «Калашников» автоматы, калибрі 5.45 мм 31 патрон, оқжатары бар 2 «Макаров» пистолеті, 12-ші калибрлі бір ұңғылы келте мылтық алынды.

Павлодар облысында 2 келте мылтық, 1 «Ф-1» гранатасы, «PTB140/2» маркалы пистолет және әртүрлі калибрдегі 70 патрон бар жасырын орын табылды.

қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

оқ дәрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрілерді ұрлады және өткізді деген күдікпен Петропавл қ. тұрғыны ұсталып, одан «Макаров» пистолетіне 961 патрон және «Калашников» автоматына 741 оқ-дәрі табылып, алынды.

оқ дәрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 10:17

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Түркістан облысында полиция органдарымен бірлесіп, Жетісай ауданының тұрғыны ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша келте мылтық және «Калашников» автоматына 20 патрон алынды.

Қызылорда облысында иесіз қалған ғимараттағы жасырын орыннан оптикалық көздеуіші бар «Тигр» маркалы 1 карабин және оған 17 патроны бар 2 оқжатар алынды.

Атырау облысында 12-ші калибрлі 2 тегіс ұңғылы келте мылтық алынды.

Заңсыз айналымнан барлық алынғаны: 47 бірлік қару, 2 граната, 2398 оқ-дәрі.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: