Петропавлда мас жігіт терминалды сындырып, ақша алмақ болды

ҚР ІІМ ҚР ІІМ
Патрульдік полиция батальонының экипажы ер адамды ұстап алды.

Петропавл ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көшедегі төлем терминалын бұзу әрекетін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 05:00 шамасында куәгер "102" арнасына ер адам Жамбыл – Интернациональная көшелерінің қиылысында орналасқан терминалды темір заттың көмегімен ашуға тырысқаны туралы хабарлады, – делінген ҚР ІІМ сайтындағы хабарламада.

ЖБО бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына бейнебақылауды қарау арқылы ақпаратты растады.

Патрульдік полиция батальонының ең жақын маңайда жүрген экипажы ер адамды ұстап алып, Петропавл ПБ екінші бөліміне жеткізді. Медициналық сараптама нәтижелері бұрын сотталған Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғынының мас күйінде болғанын көрсетті.

Ұрлыққа оқталу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз