Біз қашан сондай басшыны көрер екенбіз?

akorda.kz akorda.kz
"Джо Байден, не Ангела Меркель мына заводқа келді" деген мақалаларды әлі кездестірген жоқпын.

Осы Президент пәленбай кәсіпорынға келді деген мақала қаптап шығады интернет беттерінде. Ал енді сол ірі кәсіпорындардың түгелі жеке меншік, олигархтардың жеке меншігі, дейді желіде Серік-Болат Мәженов.

Жарайды, сол кәсіпорындарды өткенде, премьер-министр аралады, одан кейін біздің құрметті Президент аралады. Оның қара халыққа қандай пайдасы бар, соны түсінбедім? Бұрынғы Кеңес одағы кезіндегі сценарийлер, КПСС Бас хатшысы, Л.И.Брежнев осындай, осындай кәсіпорындарды аралады. Бесжылдықты мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп жұмысшылар уәде берді деген сияқты. Мысалы Джо Байден, не Ангела Меркель мына заводқа келді деген мақалаларды әлі кездестірген жоқпын.
  • Елімізді аралағанда, шындықты жасырып, әдемі әңгімелер айтатын әкімдермен емес, жай қарапайым халықпен кездесіп сөйлессе, сонда қатып кетер еді.

Міне, сонда ол халықтың қалаған, халық сүйетін басшы болар еді. Жер жерде әкімдердің әдемі әңгімелерін тыңдап Елордаға қайтады, халқым жақсы тұрады екен деп...

Шетелдің кейбір басшыларының жай дүкенде, көшеде велосипед теуіп бара жатқанын, метрода, кітапханада халық арасында отырғанын көргенде жылылық сезім пайда болады...

Біз қашан сондай басшыны көрер екенбіз?

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз