Жаңалықтар тізбегі
0

Көшпенділер жолымен Тараздан Түркістанға керуен аттанды

акимат области, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 23:47 акимат области
Шығарып салу салтанаты Керей мен Жәнібек хандардың монументі алдында өтті.

"Тарихтың темірқазығы" атанған жиырма ғасырдың жауһары, екі мың жылдың жауқазыны текті Тараз қаласынан "ер түріктің бесігі", "екі дүние есігі" – киелі Түркістанға арнайы көш түзеп, көшпенділер жолымен керуен жолға шықты.

Облыстың Түркістандағы күндері аясында "Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – түркілер бесігіне" атты көш түзеген керуенді шығарып салу салтанаты Қазақ хандығының қазығын қағып, туын тіктеген Керей мен Жәнібек хандардың монументі алдында өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 23:47

Шараға ақ жағалы атқамінерлер мен зиялы қауым өкілдері, "күміс көмей", "жез таңдай" әншілер мен өнер иелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
"Тараз тарихымыздың темір қазығы" - деп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, халқымыздың тамыры терең тарихынан басталатын руханиятын бүгінгі және болашақ ұрпаққа паш ету бүгінгі күннің басты парызы.

Шараның басты мақсаты – керуен жолы XX ғасырдың басына дейін сақталып келгендігін, Қытай, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырғандығын көрсету, жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүрді сақтау, жаңғырту, Тараздың Орталық Азиядағы ең көне қалаларының бірі екенін айшықтау.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 23:47

Салтанатты сәтте К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының ән шашу шашып, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы театрландырылған қойылым ұсынды. Қазақы дәстүрмен ақ бата беріліп, мәдени,рухани керуен бабалар ізімен Түркістан жеріне аттанды.

Айта кетсек, Жамбыл облысының Түркістан облысындағы күндері аясында бүгін және ертең Тараз – Ұлы даланың көне шаһары" атты жылжымалы көрме, облыстық кітапханалардың "Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі" атты жылжымалы мәдени шарасы, "Тараздан Түркістанға Шашу" атты мерекелік концерті ұйымдастырылмақ. Ал күйменің құрамында 10 түйе, 6 бота, 20 ат, 3 ат арба, 1 керуен басы, 1 жыршы, 1 батыр, 14 қыз-жігіттер бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 23:47

Өңір басшысының бастамасымен, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған өңіраралық мәдениет күндері аясында тағылымды шаралар да көпшіліктің назарына ұсынылатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2021 23:47

Мәдениет күндері Көшпенділер ізімен Тараздан Түркістанға Нұржан ҚАДІРӘЛІ

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: