Астанада автобус бағанға соғылды

19 желтоқсанда Астанада Тұран мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД мәліметтері бойынша, Ravon Nexia көлігінің 22 жастағы жүргізушісі оңға бұрылар алдында алдын ала тиісті жол бөлігіне түспегендіктен төтенше жағдай туғызып, өзге көлік жүргізушісін ығыстырып, қозғалыс бағытын өзгертуге мәжбүр еткен. Салдарынан "Голаз 5241110" (автобус) автокөлігі жол қозғалысын бақылаушы камералар орнатылған бағанға соғылған.
"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізуде", делінген хабарламада.
Ravon Nexia жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі, "Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеліп соққан жол жүрісі ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерді мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript