Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғылды: зардап шеккендер бар

Жедел жәрдем көлігі, Астана, жолаушылар автобусы, жол апаты, баған, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 22:25 Сурет: akorda.kz
2 маусымда кешке елордадағы Самал ықшам ауданында жол апаты болды. Жолаушылар таситын автобус хабарландыру таблосы ілінген бағанға соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға куәгерлері апат орнынан түсірілген видеолар және фотосуреттермен желіде бөлісе бастады: автобустың алдыңғы бөлігі қатты зақымданған, жедел жәрдем көлігі қасында тұр. 

Апат кезінде автобуста жолаушылар болғаны белгілі болды. Зардап шеккендердің нақты саны, әзірге белгісіз. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы Zakon.kz сайтына зардап шеккендердің бірін ауруханаға апара жатқанын, дәрігерлер тексеру жүргізіп жатқанын, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін хабарлады. Нақты саны кейінірек хабарланатыны нақтыланды.

Бұған дейін Алматы облысында КАМАЗ-дың тіркемесі ажырап кетіп, жаппай жол апаты болғаны, төрт адам қаза тапқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: