Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:45 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада Этноауылда 13 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүбірлі дода 8 қыркүйекте басталды. Содан бергі алты күн ішінде ұлттық спорттың 21 түрінен жарыс өтті. Әртүрлі спорт түрлері бойынша 89 елден 2,5 мыңнан астам спортшы бақ сынады. Барлығы 97 жиынтық немесе 581 медаль ойнатылды.

"Біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын аяқтап, дүбірлі дода шымылдығын жабамыз. Қазақстан түркі әлеміне ғана емес, бүкіл әлемге туыстас халықтардың бауырмалдығын, ынтымақтастығын паш ете білді. Спорттық іс-шара арқылы түркітілдес елдердің бай мәдениеті, салт-дәстүрі айрықша дәріптелді. Қазақстанға, Президентке және Министрге осы ойындарды қолдап, ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. Келесі тізгін Қырғызстанда, оларға сәттілік тілеймін", - деді Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Президенті Билал Ердоған.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, Астана, жабылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:45

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өз кезегінде Дүниежүізілік көшпенділер ойындарының қазақ жерінде өткенін мақтан тұтатынын айтты.

"Бұл - ұлттық спорт түрлерін ынталандыру ғана емес, сонымен қатар туризмді дамыту мақсаттарына қызмет ететін елімізді насихаттаушы тамаша мүмкіндік", – деді ол.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, Астана, жабылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:45

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Шара Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының символы – торсықты Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, Спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовқа табыстау рәсімімен аяқталды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, Астана, жабылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 17:45

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылықтар тізіміне енген Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы өтті. Сол кезде оған әлемнің 19 елінен 583 спортшы қатысты.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнап Қазақстанның барлық облысы киіз үйлер дайындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: