Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті

Қазақстан туы, Жапония, Азия ойындары, 2026, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 16:49 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жабылу салтанатында еліміздің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.

Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Қазақстан туы, Жапония, Азия ойындары, 2026, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 16:49

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен жарыстардан кейін Жапонияда ұйымдастырылған үшінші Азия ойындары болды.

Қазақстан, Жапония, Азия ойындары, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 16:49

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл елімізден 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, нәтижесінде 84 жүлде (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Осылайша, жалпы командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 8-орынға тұрақтады.

Азия ойындары, Жапония, жабылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 16:49

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Енді Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында өз тарихында екінші мәрте Қатар астанасы Доха қаласында өткізіледі.

Жапония, Азия ойындары, 2026, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 16:49

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: