Қазақстан Кувейтпен әуе қатынасын ашады

pexels pexels
Шешім туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Boeing A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады, дейді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз