Бір миллион ауған баласы тойып тамақтанбау салдарынан өліп кету қаупі бар

pixabay.com pixabay.com
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис Ауғанстанда жыл соңына дейін кем дегенде бір миллион бала тойып тамақтанбау салдарынан өліп кетуі мүмкін деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауғанстанда тойып тамақтанбау денсаулық саласының басты мәселесі ретінде алдыңғы қатарға шығуда. Жыл соңына дейін бес жасқа дейінгі шамамен 3,2 миллион ашқұрсақ бала зардап шегуі мүмкін. Олардың кем дегенде бір миллионы дұрыс емделмегендіктен өліп кету қаупі бар, - деп келтіреді Харристің сөзін РИА Новости агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі қазір Ауғанстанда жүр.

Оның айтуынша, ұйым Ауғанстанның 23 провинциясындағы 47 медициналық мекемесіне ашқұрсақ балаларды емдеуге қаражат бөлген, бірақ бұл "мұхитқа түскен бір тамшы" секілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз