Қостанай облысында жол апатынан әйел мен 14 жастағы қыз көз жұмды

Zakon.kz Zakon.kz
36 жастағы әйел LIFAN көлігін басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, KAMAZ автокөлігімен соғысты.

Қостанай облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат 13 қарашада сағат 19:20 шамасында Қостанай-Мамлютка (Владимировка кентінен 5 км) автожолының 46-шақырымында болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, 36 жастағы әйел LIFAN көлігін басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, РФ 60 жастағы азаматы айдап келе жатқан жүк тиелген KAMAZ автокөлігімен соғысты.

Апат салдарынан 14 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болды, LIFAN жүргізушісі облыстық ауруханада қайтыс болды. 16 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Меңдіқара аудандық ауруханасына жеткізілді, деді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Қостанай ауданының полиция бөлімімен ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз