Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сурет: polisia.kz
9 қазанда Алматы-Бішкек автожолының 43-шақырымында 37 жастағы әйел "Хюндай" автокөлігімен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1987 жылғы О. есімді азаматтың басқаруындағы автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы, сондай-ақ бір автобус жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Сурет: polisia.kz
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөлімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript