Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты

Жол көлік оқиғасы орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 12:29 Сурет: ҚР ІІМ
25 сәуірде сағат 22.25-те Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңындағы Самара – Шымкент автожолының 701-шақырымында Daewoo Nexia автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Toyota Estima автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Toyota Estima автокөлігінің екі жолаушысы Ақтөбе қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: