Ақтөбе облысында көлік аударылып, 71 жастағы жүргізуші мерт болды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2021 21:55 polisia.kz
LADА Granta автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, оң жаққа қарай аударылды.

Ақтөбе облысында көлік аударылып, 71 жастағы жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 қыркүйекте сағат 19:40-та Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының тұрғыны, LADА Granta автокөлігінің 71 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауылы жағынан Сарыжар ауылы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа қарай аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

– Барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Тағы да жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салғым келеді және барлық азаматтарды белсенді көзқарас танытуға шақырамын, –деді өңірдің бас полицейі Атығай Арыстанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: