Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 18:24 Сурет: polisia.kz
18 тамызда Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе - Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген.

Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: