Павлодар облысында 480 тонна бензин Ресейге кете жаздады

"Еріткіш" ретінде сыртқа шығармақ болған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстаннан Ресей Федерациясына 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында ЖЖМ-ды "еріткіш" түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарлағаны анықталды.
Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы 2,8 млрд теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
0
Толық оқу