Абай облысында 20 тонна көмір тиеген жүк көлігі өртеніп кете жаздады

Полиция көмір тиелген көліктен шыққан түтінді байқап, шұғыл әрекет етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2025 10:11 Сурет: polisia.kz
Абай облысында полиция қызметкерлері жүк көлігіндегі өрттің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы Көкпекті ауданының аумағында тәртіп сақшылары жол бойында қозғалып бара жатқан көмір тиелген жүк көлігінің артқы жағынан шыққан түтінді байқап, бірден әрекет етті. Алдын ала болжам бойынша, тежегіш колодкалары қызып, жанып кеткен. Түтін көлік астынан, жанармай багына жақын жерден шыққан. Бұл – өрттің өршуіне және ірі апатқа себеп болуы мүмкін еді.

Көлік жүргізушісін дереу тоқтатқан полиция қызметкерлері көліктегі өрт сөндіргішті пайдаланып, өртті сөндіруге кірісті. Оқиға орнында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Айбек Сапаров кәсіби әрі шұғыл әрекет етті.

Айта кетейік, жүк көлігінде 20 тонна көмір болған. 

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт дер кезінде ауыздықталып, қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Жүк көлігінің жүргізушісі полицияға алғысын білдірді. 

"Колодкалардың жанып жатқанын өзім де байқамадым. Егер полиция дер кезінде тоқтатпағанда, салдары өте ауыр болуы мүмкін еді", - деді жүргізуші.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: