Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

жүк көлігі Сурет: pavlodarnews.kz
Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған

"Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер мен бір техникасы жұмылдырылды. 

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз