Жаңалықтар тізбегі
0

Қаскеленде 39 жастағы еркек оқушы қызға тап берді

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2021 20:09 pixabay
Полицияға көшедегі оқиғаға бей-жай қарамаған куәгерлер хабарласқан.

Қаскелең қаласында ер адам кішкентай қызға күш көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның 16 қарашада сағат 13:00 шамасында Қарасай батыр көшесінде болғанын мәлімдеді.

Полицияға көшедегі оқиғаға бей-жай қарамаған куәгерлер хабарласқан.

Полиция келген уақытта әйел өзінің 12 жастағы қызына белгісіз еркек күш көрсеткенін айтқан. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған қыз мектепке бара жатқанда ер адам одан ақша сұраған. Қыз одан қашып кеткенде, артынан ілесіп келіп, аялдамадағы орындыққа күштеп отырғызған. Сол кезде көшедегі адамдар бұл әлімжеттікті байқап, полицияға хабарласқан.

Балаға күш көрсеткен 39 жастағы ер адам Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол Қарасай ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факт ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Өзбекстан Республикасының аталған азаматы ӘҚБтК-нің 517 бабының 4-бөлігін бұзғаны үшін әкімшілік сотпен 30 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Дайана Тоқберген

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: