Шымкентте жалдамалы пәтерден күйік шалған қыздың денесі табылды

Қыздың мәйіті табылды Zakon.kz
Қайғылы оқиға Тыныбаев көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың денесі табылды, мәйітті өртеуге тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz ақпарат бойынша қайғылы оқиға Тыныбаев көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына полицияны көршілер шақырған. Олардың айтуынша, жалға алушылар айқайлап, шулаған. Кейін бәрі басылған. Артынан пәтерден ыстың иісі сезіле бастапты.

Жедел-тергеу тобының тексеруі барысында 1998 жылы туған азаматша бұл пәтерді 29 қарашада таңғы сағат 7-де жалға алғанын анықтады. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, қол саусақтарының іздері мен марқұмның жеке заттарын тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шымкент қаласы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бәкеева

Тәртіп сақшылары "кісі өлтіру"бабы бойынша іс қозғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз