Ақтөбедегі ірі өрт салдарынан күйік шалған зейнеткер ауруханаға түсті
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 15 маусымда Ақтөбеде жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, кейін жалын көрші үйді де шарпыды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 39 минуттың ішінде сөндірілді. Жалын 160 шаршы метрді шарпыған.
"Өрттің салдарынан 1-2 дәрежелі термикалық арқа күйігімен 1960 жылы туған үйдің иесі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript