Ресей елшілігі қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Сурет: Қазақстандағы РФ елшілігі
Нұрсұлтан Әбішұлының Ресей мен Қазақстанның одақтастық қатынастары мен интеграциялық байланыстарының жоғары деңгейге көтеруге сіңірген еңбегін атап өткіміз келеді.

Ресей елшілігі қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Құттықтау мәтіні әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дәл осы күні осыдан 30 жыл бұрын алғашқы бүкілхалықтық сайлау болып өтті, оның қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басшысы лауазымына сайланды.

Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев тарихқа енген дара тұлға, Қазақстан халқының бірлігі, саяси тұрақтылығы мен экономикалық әл-ауқатты қамтамасыз етуде, Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін нығайтуда Нұрсұлтан атымен тығыз байланысты.

Нұрсұлтан Әбішұлының Ресей мен Қазақстанның одақтастық қатынастары мен интеграциялық байланыстарының жоғары деңгейге көтеруге сіңірген еңбегін атап өткіміз келеді.

Тұңғыш Президентке – Ұлт Көшбасшысына және барлық қазақстандыққа зор денсаулық тілейміз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз