Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Президент Республика күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 09:00 Сурет: Ақорда
Президент Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация Қазақстанның қасиетті Тәуелсіздігіне жол ашқанын атап өтті. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Республика күні қоғамда кең қолдау тауып, игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі, мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын! Қасым-Жомарт Тоқаев

25 қазанда 13 жылдық үзілістен кейін қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Республика күнін тойлайды. Биыл мемлекетімізге 31 жыл толып отыр, бірақ Тәуелсіздікке алғашқы қадамдар одан да ертерек, 1990 жылы жасалды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Осы оқиғаға орай 1995 жылы бұл күн мемлекеттік мереке – Республика күні болып жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: