Жаңалықтар тізбегі
0

Рақымшылыққа кімдер ілігеді?

Жаза мерзімін қысқарту, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2021 11:16 Сурет: Zakon.kz
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай

Парламент рақымшылық туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын әзірледі. Оның мақсаты – онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның мерзімін қысқарту. Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі

Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.

Қазір елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторларында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың азаматқа сот үкімі шыққан, қалған 4 мың адам тергеумен қамауда. 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда отыр. 45 пайызы бұрын сотталғандар. Сонымен қатар, 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.

Жоба бойынша 2292 сотталушыға, пробацияда тұрған 11753 адамға рақымшылық жасалады. Нәтижесінде, біріншіден, 1 мың адам қамаудан бостандыққа шығады, 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылады. Екіншіден, 1330 сотталушыға, пробацияда тұрған 7492 адамға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелерін қолданады. Қылмыстық кодекстің 78 бабына сәйкес, аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қарастырылмаған. Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: