ШҚО-да мерейтойға орай жағдайы төмен отбасыларға көмек себеті таратылды

Аз қамтылған отбасылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2021 16:41 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жағдайы төмен отбасыларға арналған науқан ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ШҚО-дағы аз қамтылған және көпбалалы 30-дан аса отбасыға көмек берді.

Әрбір отбасы азық-түлікпен және гигиенаға арналған қажетті құралдармен қамтамасыз етіліп, жылы киім-кешектер, балаларға тәттілер мен ойыншықтар, қалың қолғаптар табысталды.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған науқан әлі де жалғасатын болады, — деді мекеме бастығы әділет полковнигі Еркін Кабин.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: