Головкиннің Муратамен жекпе-жегі кейінге қалды – GGG пікірі

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 13:39 Сурет: Instagram/gggboxing
Жапонияда коронавирустың таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілген

Жапонияда енгізілген шектеулерге байланысты Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайтқа қатысты Головкин өз пікірін Instagram парақшасында жазды.

Жапонияда өтуі тиіс болған жекпе-жектің кейінге қалдырылғаны өкінішті. Бірақ халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бәрінен жоғары. Рингте жолығатын күнді асыға күтемін. Денсаулығымызды күтейік! Геннадий Головкин

Бұған дейін Жапонияда коронавирустың таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілген. Сондықтан аталған жекпе-жек әзірге болмайды.

Айта кетейік, IBF/WBA әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері Риота Мурата арасындағы орта салмақтағы бірлескен жекпе-жек 29 желтоқсанда болуы тиіс еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: