Жаңалықтар тізбегі
0

Үй бағасы тағы қымбаттайды - сарапшы

Баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 17:29 Сурет: pixabay
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегінің өсуі баспана бағасын кемінде 10-15 пайызға қымбаттатуы мүмкін

Бұл туралы Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов LS порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Е.Мүсіреповтің айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегінің өсуі баспананың да бағасын қымбаттатады.

Жаңа шектің енгізілуіне 27 күн қалды. Осы аралықта жинаған қаржысын келесі жылға қалдырған зейнетақы бағдарламаларына қатысушылардың дүрлігетіні анық. Өйткені олар жеткіліктілік шегінің бұлай күрт өсіп кететінін білген жоқ. Осыған орай жаңа және қолданыстағы тұрғын үй иелері бағаны көтеріп жібереді, бұл баспана құнының кем дегенде 10-15 пайызға қымбаттауына әкеп соғады.Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов

Е.Мүсірепов бұл жағдайдың еліміздің барлық өңірінде болатынын айтты.

Халық жылжымайтын мүлікті сатып алып, пайдаланады. Олар шекке жеткенше күтіп отырмайды, өйткені күні ертең не боларын ешкім білмейді. Егер тұрғын үйді мегаполистерден ала алмаса, бағасы арзан өңірлерден сатып алады.Ермек Мүсірепов

Мүсіреповтің болжауынша, жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай келесі жылдың көктеміне қарай саябырсиды. Оған биылғыдай зейнетақы қорындағы қаржының баға жасауға ықпалы болмай қалатындығы әсер етеді. Оған қоса жинағын пайдалана алатын халықтың да үлесі шектеледі.

Дегенмен көктемде жаңа тренд пайда болып, баспана бағасына сол да әсер етуі бек мүмкін.

Инфляция мен табысының азаюы салдарынан халықта ипотеканы жабатын қаржы жеткіліксіз болуы мүмкін. Несиеден шаршаған халық соңында пәтерлерін сата бастайды.Ермек Мүсірепов

Е.Мүсірепов қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығының құбылмалы екенін айтты. Мемлекет тарапынан енгізілетін кез келген жаңалық тұрғын үй құнына әсер етпей қоймайды.

Баға әлі де құбылады, жылжымайтын мүлік нарығы әлі де тұрақтала қоймайды, дегенмен үмітімізді үзбейміз.Ермек Мүсірепов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: