Дәрігер дәрумендерді жөн-жосықсыз пайдалану қауіпті екенін ескертті

Дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2021 11:49 Сурет: pixabay
К дәруменінің үлкен дозасы тершеңдікті арттырып, ыстықты көтереді.

Дәрігер бірқатар дәрумендерді жөн-жосықсыз қабылдаудың жағымсыз салдары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігер Елена Соломатина "Вечерний Москваға" берген сұхбатында А дәруменін шамадан тыс пайдалану қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ria.ru. Оның айтуынша, А дәрумені антиоксидант болып табылады және онкологиядан қорғайды, бірақ артық доза кері әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, дәрігер басқа дәрумендерді артық пайдаланудан туындауы ықтимал жағдайларға да тоқталды. Сонымен, синтетикалық С витаминін артық пайдалану бүйректе тастардың жиналуына, есекжемге және аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін, ал D дәруменіне тән теріс реакция — бауыр проблемалары, жүрек айну, көз алдында жарқылдың пайда болуы, естің шатасуы, құсу немесе іш қату.

Е дәрумені көп мөлшерде қауіпті емес, дегенмен оны шамадан тыс пайдалану түсік тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

К дәруменінің үлкен дозасы тершеңдікті арттырып, ыстықты көтереді.

Сөз соңында маман кез келген дәрумендерді қабылдамас бұрын алдымен дәрігермен кеңесіп алуға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: