Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирустан жөн-жосықсыз дәрі қабылдағандар басқа аурумен ауырып жатыр - дәрігер

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2020 23:49 Сурет: zakon.kz
Шамадан тыс, бақылаусыз қабылдаған дәрі емдемейді, керісінше жара мен саңырауқұлақтардың пайда болуына түрткі болады.

Қазақстандық дәрігерлер өздерін коронавирустан қорғау мақсатында антибиотиктерді жөн-жосықсыз қабылдаудан туындаған жаңа аурумен бетпе-бет келді. Бұжан туындайтын ауру ауыз қуысында дамиды. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасының өкілдері хабарлады.

ҚазҰМУ стоматологиялық клиникасы карантин кезеңінде жұмысын жалғастырып жатыр. Осы уақытта терапевтикалық стоматология кафедрасының қызметкерлері ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары бар науқастардың жиілей бастағанын байқаған. Дәрігерлер мұны адамдардың дәрі-дәрмекті бақылаусыз, жөн-жосықсыз қабылдауымен байланыстырады.

- Пандемия кезінде COVID-19 вирусын жұқтырып алдым деп қорқақтаған адамдар антибиотиктерді бақылаусыз және үлкен дозада қабылдай бастайды. Бірақ, біріншіден, бактерияға қарсы препараттарды тұтыну вирусқа ешқандай әсер етпейді. Екіншіден, тіс дәрігері ретінде антибиотиктерді дәрігердің рецептісіз қолдану ауыз қуысының микрофлорасының құрамына кері әсерін тигізетінін және микробиоценозға (ауыз қуысында тұратын микроорганизмдер қауымдастығы) өте апатты әсер ететінін ескертемін, - деді терапевтикалық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор Серік Жолдыбаев.

Оның айтуынша, нәтижесінде зиянды ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысында өмір сүретін пайдалы микроорганизмдер де жойылады. Бұл - тамақ өнімдерінің метаболизміне қатысатын микроорганизмдер, сонымен қатар адам ағзасы үшін өте маңызды витаминдер синтезіне қатысатын микроорганизмдер. Осы теңгерімсіздікке байланысты саңырауқұлақтар, Candida тұқымдастығы, актиномицеттер (олардың қызметі суппацияға әкелуі мүмкін) және басқа микроорганизмдердің белсенділігі күшейеді.

Сондай-ақ, дисбиоз жағдайы ауыз қуысының мүшелері мен жүйелеріне зақым келтіреді: гингивит, глоссит, ауыз қуысының созылмалы ауруларының өршуіне әкеледі. Бұл - антибиотиктерді бақылаусыз қолданудың жағымсыз салдарының қысқаша сипаты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: