Алматының шетінде оқ-дәрі мен “молотов коктейлі” жасырылған орын табылды
Сурет: Скриншот
Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz
Polisia.kz мәліметінше, табылған затқа “Дархан” ықшамауданының тұрғыны тап болған, ол бірден дабыл қаққан.
102 пультіне хабар берген азаматтың айтуынша, ол туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі патрондар, 9 мм калибрлі патрондар, 2,3 калибрлі патрондар, саны бойынша противогаз, револьвер, сонымен қатар, “Молотов коктейлін” тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript