Таразда «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жеті отбасы баспаналы болды

Бердібек Сапарбаев Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Қалған сегіз үйдің де жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы өткен жылдан бері қызу қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда. Бұл жолы Тараз қаласындағы жеті отбасы үйлі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан сауапты істен Тараз қаласының кең жүректі азаматтары да қалыс қалмай, «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабынан қаралған жер телімінде 15 үйдің құрылысын бастаған болатын.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ол үйлердің жетеуі пайдалануға берілді. Қалған сегіз үйдің де жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін арнайы құттықтады.

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Қазақ топырағында қалыптасқан «Асар» игі дәстүрі соның бір айғағы. Бүгінде ұлттың болмысындағы осы бір ерекше қасиет облысымызда жаңғырып, жалғасын тауып, туған-туыстар мен ауылдастар жиылып мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. Оған жергілікті билік те атсалысуда. Біз сонау ашаршылық және соғыстан кейінгі қиын жылдары да бір-бірімізге қолғабыс білдіріп, бірлігімізден айырылмаған елміз. Өзге ұлт өкілдерін де бауырымызға басып, мейірімділік танытқанбыз. «Асарлатып үй салу» жобасының мақсаты тек мұқтаж жандарға үй салып беру ғана емес, өзара бірлігіміз мен ынтымағымызды, қоғамдағы өзара келісімді, қамқорлықты арттыруға негізделген. Бердібек Сапарбаев

Құттықтау сөзден кейін өңір басшысы қоныс той иелеріне кілттерді тапсырды.

Тараз

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Үйлердің құрылысына атсалысқан барша азаматтарға, жеке кәсіпкерлер мен қала басшылығына ризашылығын жеткізді.

Облыс әкімі өз сөзінде «Жомарт түлек», «Таразға тарту» секілді бастамашыл жобалар аясында демеушілер есебінен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне де тоқталып өтті.

Қоныс той иелері атынан сөз алған Айда Абдезова өзі секілді талай жыл пәтер жалдап келген отбасылар, көпбалалы аналар үшін бұл үлкен көмек, тамаша тарту екенін ақжарыла айтып, облыс басшылығына, атсалысқан барша жандарға ризашылығын жеткізді.

Жоба аясында үйлі болғанымыз біздің үлкен отбасымыз үшін зор қуаныш. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» демекші, осындай игі іске азаматтарды ұйыстыра білген аймақ басшылығына мың алғыс. Ертең менің анамның туған күні еді, соған орай бұл теңдессіз сыйлық болып отыр. Қоныс той иесі Айда Абдезова

Айда Абдезова

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Айта кетейік, тұрғын алқапта инженерлік-инфрақұрылымдық мәселелер оңынан шешілуде. Жарық, газ тартылған, келер жылы таза ауыз су, содан соң жол мәселесі түбегейлі шешілетін болады.

Жақын маңнан жаңа мектеп те бой көтеруде.

Пайдалануға берілген үш бөлмелі әр үйдің аумағы сегіз соттықтан, аулаларына өрнектастар төселіп, қоршау да орнатылған.

Сонымен қатар, әр бөлме қажетті жиһаздармен жабдықталып, тұрмыстық заттармен де қамтылған.

Асар

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жалпы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында облыс бойынша былтыр 99 үй салынса, биыл 133 үй тұрғызу жоспарланған. Қазіргі дейін 75 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аталған тұрғын алқапта бой көтеріп жатқан 600 орынды жаңа мектептің құрылысы барысымен танысты.

Асарлатып үй салу

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Мердігер «Темір Строй сервис и Ко» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған нысан келер жылдың басында пайдалануға тапсырылмақ.

Аймақ басшысы ішкі және сыртқы жұмыстарды сапалы әрі жеделдетіп жүргізуді, абаттандыруға айрықша ден қою керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз