Таразда 180 отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 15:19 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Таразда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Конституция күніне орай 15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, пәтер кілттерін тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оң істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты (3 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспалануда, - деді аймақ басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 15:19

Пәтер кілтіне ие болған тұрғындар атынан сөз алған Жазира Байкулова көпшілік атынан алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Таразда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 15:19

Д.Қарбышев атындағы №16 мектептің жаңа ғимаратының ашылу рәсімінде сөз алған өңір басшысы ағымдағы жылы облыста 21 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін 11-і, жаңа оқу жылына орай 7-еуі пайдалануға берілетінін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдау жыл санап артып жатқанына тоқталды.

Нысан құрылысын "Сұңқар2002" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ал жаңа ғимараттың сыйымдылығы 700 орынға жоспарланған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Мұнда оқушылардың қауіпсіздігіне де айрықша көңіл бөлінген. Мектеп аумағына 15 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында "Ата-ана бақылауы" пилоттық жобасы аясында ішкі істер департаментінің дабыл жүйесіне қосылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 15:19

Сонымен қатар білім беру мекемесіне жаңа спорттық алаң, балаларға арналған жолда жүру ережелерінің бұрышы, "Шахмат тақтасы", "Мак", "Лабиринт" секілді ойлау-дамыту зоналары ашылып, мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Аталған білім ордасының директоры Жанна Оңғарбаеваның айтуынша, биыл мектеп табалдырығын 1410 оқушы аттайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 15:19

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 15:19

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: