Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылда "Асарлатып үй салу" жобасы аясында 12 отбасы баспаналы болды

"Асарлатып үй салу", Жамбыл облысы, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:03 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қазан Ұлттық мереке – Республика күніне орай Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы аясында 12 отбасы баспаналы болды.

Атап айтқанда, Байзақ ауданында (2), Жамбыл ауданында (1), Жуалы ауданында (1), Сарысу ауданында (1), Талас ауданында (2), Т. Рысқұлов ауданында (3), Шу ауданында (2) тұрғын үй қолданысқа берілді.

0, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:03

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Баспана кілттерін табыстауға аудан басшылығы, ауыл тұрғындары қатысты.
Жамбыл облысы, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:03

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байзақ ауданы Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Асылжан Сайлауов "Асарлатып үй салу" жобасының шарапатын көрді. Көпбалалы әкеге ауыл тұрғындары күш біріктіріп, 4 бөлемелі баспананы сыйға тартты. Көптің көмегімен салынған тұрғын үй жылу жүйесімен, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтылған. Бұдан бөлек, тұрмыстық техникалар мен жиһаздар бар. Қоныс тойын тойлаған шаңырақ иелері көпшіліккке алғыстарын жеткізді.

Жамбыл облысы, баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:03

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика күнінде Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округінің тұрғыны Бейімбет Бекберов те баспана кілтіне ие болды.

Ұзақ жылдан бері баспана мәселесін бастан өткеріп келеміз. Жеке тұрғын үйіміздің болуын армандадық. Мерекеде қоныс тойын тойлап отырмыз. Қиын кезде қолдау көрсеткен қарияларға, ауыл тұрғындарына, басшыларға айтар алғысымыз шексіз, - дейді ауыл тұрғыны.

Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны Сандуғаш Итеноваға да баспаналы болу бақыты бұйырды. Ол 5 баланы тәрбиелеп отырған аяулы ана. 5 баланың алаңсыз өсуін ойлаған жомарт жандар қаражат қарастырып, 4 бөлмелі үй тұрғызып беруді ұйғарыпты. Көпбалалы ана осы іске бастамашы болған азаматтарға алғысын білдірді.

Жамбыл облысы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2022 17:03

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, биыл Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы бойынша 121 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Баспаналар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің, шаруа қожалық иелерінің ықпал етуімен бой көтеріп, көпбалалы, жалғыз басты аналарға табысталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: