Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік сатып алуды бақылау қағидалары бекітілді

Мемлекеттік сатып алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 14:58 Сурет: pixabay
Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

ҚР Қаржы министрі 2021 жылғы 30 қарашадағы бұйрығымен сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылауды жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта атап өтілгендей, орталықтандырылған қызмет бақылауды бақылау объектісіне бармай жүргізеді. Бақылау объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша ақпараттық жүйелердің деректерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы тұрақты негізде жүргізеді.

Сатып алуды бақылаудың мақсаты – бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау объектісіне сатып алуды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және бақылау объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту.

Мыналар бақылау объектілері болып табылады:

  1. тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, тендерлік комиссия (аукциондық комиссия), сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы, сатып алу жөніндегі сарапшы;

  2. өткізілетін сатып алу нысанасы шегінде әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде тартатын тұлғалар;

  3. электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторы;

Сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілдерімен және (немесе) тауар биржалары арқылы сатып алуды бақылау сатып алу туралы шарттың жобасы әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тендер (аукцион) тәсілімен сатып алуды бақылау мынадай бағыттар бойынша:

1) бірінші бағыт – тендер (аукцион) жарияланған күннен бастап тендерлік құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін немесе шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

егер тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап (10) күнтізбелік он күн ішінде немесе шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) екінші бағыт – тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап (10) күнтізбелік он күн ішінде немесе шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

3) үшінші бағыт – алдын ала рұқсат беру хаттамасы веб-порталда орналастырылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

4) төртінші бағыт – қорытындылар хаттамасы орналастырылған күннен бастап сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе шағымды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: