Елімізде ең аз жалақыны өнер және ойын-сауық саласының мамандары алады

Өнер, жалақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 12:26 Сурет: Zakon.kz
Бұл салада қызмет атқаратындар саны да азайып барады

Елімізде ең аз жалақыны өнер және ойын-сауық саласының мамандары алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finprom сайты таратқан мәлімет бойынша, бұл сектордағы айлық атаулы жалақы 2021 жылдың үшінші тоқсанында 162,6 мың теңге болған. Бұл еліміздегі орташа жалақыдан да аз.

Айта кетерлігі, екінші тоқсанда жалақының сатып алу қабілеті Қазақстан бойынша 5,1 пайызға қысқарған тұста, бұл саланың сатып алу қабілеті 1,7 пайызға артқан.

Осы жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, бұл саладағы қызметкерлердің тізімдік саны 69,9 мың адамды көрсеткен, бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 0,3 пайызға кемігенін байқатады.

Өнер және ойын-сауық саласында қызмет атқаратын мамандардың нақты саны 66,7 мың адам, екінші тоқсанмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 4 пайызға аз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: