Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды

Автобус сату Сурет: primeminister.kz
ONAY жол ақысын төлеудің жүйесімен жарақтандырылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен Қырғызстанның Қазақстанда шығарылған автокөлік құралдарын сатып алуы туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев және «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қол қойды, дейді ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Меморандум 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған Yutong маркалы 1 мың бірлік электрлі, газ және дизельмен жүретін автобустарды және 100 бірлік арнайы техниканы жеткізуді көздейді. Бұл ретте автобустар жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлендірудің электрондық жүйесімен және ONAY PAY жол ақысын төлеудің автоматты жүйесімен жарақтандырылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз